Алматыға тағы да жаңа автобустар жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпшіліктің сұрауы бойынша 37-ші бағыттың паркі 100%-ға жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он сегіз метрлі автобус-гармошкалардың сыйымдылығы үлкен, төмен еденді және арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, заманауи стандарттарға толық жауап береді, кондиционерлермен әрі видеобақылау камераларымен жабдықталған.

Сонымен, 19 автобус бағыт бойынша 8-9 минуттік интервалмен жүреді, тағы 5 автобус резервте.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» жүйесі орнатылғаннан кейін автобустар пайдаланылмақ.

Сыйымдылығы — 150 адам, 36 отыратын орын бар.

Бұған дейін, «Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа «Zhongtong» автобустарымен толығып, № 120 жане 120 А бағытындағы қоғамдық көлік 100 пайыз жаңарған болатын.





Соңғы жаңалықтар