Алматыға Ресей жерінде табылған соғыс жауынгерінің сүйегі жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгер Сүйінбай Мазыбаевтың сүйегі Ресей аумағында табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей делегациясы майдангердің сүйегін Отанына жерлеу үшін әкелді.

Қан майданда қаһармандықпен қаза тапқан жауынгердің күлін, Алматы халықаралық әуежайында туыстары, Алматы облыстық гарнизонының әскери қызметшілері, қаланың Түрксіб ауданы қорғаныс істері бөлімінің өкілдері және Ұйғыр ауданының әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер мен курсанттар қарсы алды.

Аза тұту рәсімі мен мәйіті жерлеу Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында өтті.

Алматы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің хабарлауынша, батырдың мәйітін РФ «Патриот» іздеу жасағының қызметкерлері Воронеж облысының Федоровка ауылынан 30 тамызда тапқан.

Сүйінбай Мазыбаев 1913 жылы туған. Оны майданға ҚазССР Ұйғыр аудандық әскери бөлімі шақырған.

Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігімен бірге батырдың туыстарын тапқан.

Соңғы жаңалықтар