Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі

2022 жылғы 30 маусым 19:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация және ревакцинация жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылғы 30 маусым аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасы 1,2 млн адамға егілді.

Оның ішінде вакцинаның екі компонентін 1,1 млн астам адам алған.

«Комирнати» вакцинасының (Pfizer ) біріншісі дозасын - 98 мың, екінші дозасын - 91 мыңнан астам адам салдырды, бұл- екпе алуға тиіс халықтың 94%. Сонымен қатар, халыққа ревакцинация жүргізу жұмысы да жалғасып жатыр. Биылғы жылдың 30 маусымына дейін халықтың 58% ревакцинациямен қамтылды»,- деп хабарлады департаменттен.

Қала бойынша вакцинация жүргізетін 64 егу пункті жұмыс істеп тұр.

«Бүгінгі күн3 егу пунктерінде QazVaс вакцинасының - 124 453 дозасы, Vero Cell Синофармның -185 112 дозаcы бар. Ал Pfizer вакцинасының 6 123 доза бар, шамамен тағы 10 мың доза күтілуде. Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін жеткілікті мөлшерде вакцинамен қамтамасыз етілген»,- деп нақтылады Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары