+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматыға өзен сағасын жағалап жасырын өтпекші болған ер адам ұсталды

2020 жылғы 8 сәуір 11:49
Бөлісіңіз:
Алматыға өзен сағасын жағалап жасырын өтпекші болған ер адам ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Іле ауданының 46 жастағы тұрғыны Үлкен Алматы өзенінің сағасын жағалап, Алматы қаласының аумағына жасырын өтіп кетпекші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда, ер адам облыстық полицейлердің көзіне түскен. Заң талабын өрескел бұзған азамат аудандық соттың шешімімен 5 тәулікке қамалды.

Текелі қаласының тәртіп сақшылары түнгі мезгілде тыныштықты бұзған және еліміздегі төтенше жағдай тәртібін сақтамаған ойын клубының иесіне тиісті хаттама толтырған. Сот шешімімен құқық бұзған кәсіпкер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы облысының полицейлері тұрғындарды төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын бұзбауға шақырады. Аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін жергілікті билік тарапынан қабылданып сақтық шараларына бағыну қажет екенін және ортақ талаптарды бұзудың қатаң жазаланатынын ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT