Алматыға NASA ғарышкері Шэннон Уокер келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға 2010 жылы Байқоңырдан ұшып, ғарыш кеңістіктігінде 163 күн болған NASA ғарышкері Шэннон Уокер келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматыдағы АҚШ Бас консулдығына сілтеме жасап.

«4-10 қазан аралығында Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы және American Space Almaty Chevron компаниясымен бірлесіп, «2019 ғарыш аптасына» шақырады. Апта аясында ғарыш саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктермен таныстыратын ойын-сауық, шығармашылық, білім шараларынан құрылған кең бағдарлама ұсынылады», делінген хабарламада.

Дүниежүзінде биыл «Ай: жұлдызға апарар жол» тақырыбында өтетін 2019 ғарыш апталығы «Аполлон-11» миссиясының Айға қонуының 50 жылдығына арналады.

Осыған орай, Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы Алматыға 2004 жылғы NASA 19-астронавтар тобының мүшесі, 2010 жылы Байқоңырдан ұшып, ғарыш кеңістіктігінде 163 күн болған ұзақ мерзімді миссия 24/25 экспедициясының ұшу инженері доктор Шэннон Уокерді арнайы шақырған.

4 қазаннан бастап, қала тұрғындарын бір апталықта дөңгелек үстелдер, презентациялар, көрмелер, «Каменск тақтасы» обсерваториясына бару, шеберлік сабақтары, сайыстар мен ойындар, тегін кино көрсетілімдері, сондай-ақ балалар мен үлкендерге арналған Space party кештері күтуде. Бұған қоса, апталық аясында қазақстандық ғарыш саласындағы институттар мен болашақ инженерлер ғарыш өндірісінің ғаламдық жетістіктері, АҚШ-тың осы саладағы үздік ролі мен Қазақстанның елеулі үлесін талқылайтын болады.

Айта кетерлігі, Шэннон Уокер 2004 жылы NASA 19-астронавтар тобының мүшесі болып іріктелген. Ол физика ғылымдарының бакалавры, Райс университеті Ғарыштық физика ғылымдарының магистрі және докторы. Доктор Уокер кәсіби жолын 1987 ж. Л. Джонсон атындағы Ғарыш орталығы жанындағы Рокуэлл Ғарыштық операциялар компаниясында Спейс Шаттл бағдарламасының роботтардың ұшуын бақылаушы қызметінен бастаған. 2010 жылы ол Халықаралық ғарыш стансасындағы ұзақ мерзімді миссия 24/25-экспедициясының ұшу инженері ретінде 163 күн бойы ғарышта болды.

Соңғы жаңалықтар