Алматыға нағыз көктем келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда нағыз көктем, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаладағы ауа температурасы +20-23 градусты көрсетіп, күн сайын жылынуы артып келеді. Табиғат ұйқысынан оянуда. Жергілікті тұрғындардың жүзіне күлкі үйірілген.

Қала тұрғындары уақыттарының басым бөлігін саябақтарда өткізеді. Ағаштар бүршік жарып, нәзік жасыл жапырақтар пайда бола бастаған. Жерді жарып шыққан алғашқы гүлдер де қауызын ашып келеді. Бұдан өзге жазғы дәмханалар мен алаңдар да өз жұмыстарын бастап кетті.

Гүлденген мегаполис қалалықтар мен қала қонақтарын қуанышқа бөлеуде. Жақын күндерде оңтүстік астанада қызғалдақтар мен алма ағаштары гүлдейді.

Соңғы жаңалықтар