Алматыға мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыға мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары келді. Астана мен Алматы тұрғындары жақында Жапониядан, Ресейден, Америкадан, Канададан келген 19 атақты спортшының, оның ішінде 9 олимпиада чемпионының өнерін тамашалайтын болады.

Мао Асада, Каролина Костнер, Эван Лайсачек, Максим Маринин, Владимир Беседин, Алексей Полищук, Стефан Ламбьел, Брайан Жубер, Джоанни Рошшет, Мираи Нагасу мамырдың 29-30 аралығында Алматыда өтетін Денис Теннің «Олимпиада энергиясы» атты мұз айдыны шоуына қатыспақ.

«Мұндай мәдени мереке Астанамыздың еліміздің мерейін көтеріп, жағымды имиджін қалыптастыратын шара екені рас. Мен осы шараға шетелдіктерді де белсенді тартуға тырыстым. Мұз айыдыны шоуын тамашалауға шетелден 300-ге тарта адам жанкүйер ретінде келеді. Бүгін әлем фигуристерінің шоқжұлдызы Алматыға келіп отыр. Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан мұндай жетістікті көзіне де елестете алмас еді», - деді Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен.

«Біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Қазақстан бізге жағымды әсер қалдырды. Өткен жылы бұл шараға қатыса алмай қалған болатынбыз. Алайда, қатысқан достарымыз бен спортшылардан ғаламат шоу өткенін естідік. Биылғы шақыртудан бас тарта алмадық. Біздің өнеріміз сіздердің көңілдеріңізден шығады деген сенімдемін», - деді фигурист Максим Траньков.

Биылғы шоудың ерекшелігінің бірі - концерттік бағдарлама симфониялық орекстрдің сүйемелдеуімен өтеді. Әлемдік деңгейдегі шоу Алматыда 29-30 мамырда өтеді. Ал әлемдік жұлдыздардың мұз айдынындағы өнерін астаналықтар 1 маусымда тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар