Алматыға LRT керек, бұл мәселе күзде шешіледі – Ерболат Досаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы LRT желісін салу мәселесі қазанның басына дейін шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, мегаполиске LRT керек.

«Төле би көшесінде трамвай жолдарының орны бар, дамытуға мүмкіншілік жеткілікті. Өткен жылы қоғамдық кеңес жиналысында осыны талқыладық, шешімін қазанның басына дейін табамыз», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған болатын. Жобаның инвестициялық құны – 94 203 млн теңге. Сонымен қатар, əкімдік жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ болған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бастауыш мектептер тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналасуы мүмкін.

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтелді.

Ал, қала әкімдігі ғимаратын жөндеу 2023 жылы аяқталады.


Фото: ortcom.kz


Соңғы жаңалықтар