+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Алматыға Қытайдан 211 адам жеткізілді

2020 жылғы 13 ақпан 13:08
Бөлісіңіз:
Алматыға Қытайдан 211 адам жеткізілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті Тарбағатай ауданында оқшаулау орталығы болмайды – аудан әкімі

Қытайдан келген ұшақтағы жолаушылардың 171-і Қазақстан, 40-ы Қырғызстан азаматтары. Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты ҚР азаматтарын Қазақстанға жеткізген соңғы рейс.

Мамандардың айтуынша, келгендердің жағдайы қанағаттанарлық.


«Келген бетте қазақстандықтарды жұқпалы аурулар емханаларына апарды, ал Қырғызстан азаматтары қырғыз тарапына берілді және Қырғыз Республикасының аумағына жеткізілді. Карантин жарияланған жерден келген жолаушылар жұқпалы аурулар емханасының аумағындағы мамандандырылған бокстарға оқшауланады. Санитарлық және шекара қызметінің қызметкерлері, экипаж, медицина қызметкерлері ұшақты әуежай аумағындағы жеке аймаққа отырғызу кезінде, сондай-ақ пациенттерді жеке бағыт бойынша оқшаулау және карантиндеу процесінде коронавирусты инфекциялардың таралуына жол бермеу бойынша барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтағанын атап өткен жөн. Ұшақ бортында жолаушылар термометрия әдісі бойынша үш кезеңнен тұратын тексеруден өтті», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына келгендерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектердің және эпидемияға қарсы қорғану құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Жалпы, бүгін әлемде 45 188 коронавирусты инфекция жағдайы тіркелген.


Дәрігерлердің айтуынша, Алматыда жағдай тұрақты, коронавирусты жұқтыру жағдайлары жоқ.

«Эпидахуал биліктің бақылауында. Өңірлік штаб коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша күшейтілген шараларды іске асырып жатыр. Барлық халықаралық рейстер бойынша вирустық инфекциялардың алдын алу және диагностикалау бойынша эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда», - деді баспасөз қызметінен.


Коронавирус мәселелері бойынша Қазақстан аумағында 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді.

Сонымен қатар, аталған рейске келгендердің мәселелері бойынша Алматыда +7 707 677 7168, +7 771 404 5465 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Алматы, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT