+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Алматыға қыдырып келген өзбекстандық қария жоғалып кетті

2018 жылғы 2 шілде 15:59
Бөлісіңіз:
Алматыға қыдырып келген өзбекстандық қария жоғалып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы қызына қонаққа қыдырып келген ақсақал жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65 жастағы Өзбекстан азаматы Бекжан Бегиев кеше күндізгі 10:30 шамасында Алатау ауданы Мәдениет ауылындағы жер үйден шығып кеткен.

Жақындары оны көшеде серуендеп қайтуға шыққан болар деп алаңсыз отырып қалған. Ас дайын болғанда, ер адамды шақырмақ болған туыстары оны еш жерден таба алмаған.

«Құжаты да, телефоны да үйде қалды. Басында жай аулада серуендеп келер деп мән бермедік. Жарты сағаттан соң тамаққа шақырайын деп іздесек, еш жерден таба алмадық. Үйде 1-2 сағат шамасында кеп қалар деп күттік. Сосын үрейлене бастадық. Түнімен іздедік. Мәдениет ауылын түгел аралап шықтық. Ешқандай белгі жоқ, ешкім көрмеген», - деді туыстары.

Олардың айтуынша, ер адамның есте сақтау қабілеті жақсы. Тек аздап қысымы көтеріледі екен.

Қазір қарияның туыстары Алатау аудандық ІІБ-на адам жоғалып кеткені жөнінде арызданды.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT