Алматыға күзде QazVac пен Pfizer вакцинасының 60 мыңға жуық дозасы жеткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыға қыркүйек пен қазан айларында QazVac және Pfizer вакциналары жеткізілді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлжайнат Тілеген айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, егу пуктерінде вакцина жеткілікті.

«Бүгінгі таңда бізде QazVaс вакцинасының – 2 мыңға жуық дозасы, Vero Cell Синофармның – 52658 мың дозаcы бар. Ал Pfizer вакцинасының екі мыңға жуық дозасы бар»,- дейді дәрігер.

Қыркүйек пен қазан айларында Алматыға Qaz Vac-тың 28 200 дозасы және Pfizer-дің (Comirnaty) 26 910 дозасы түседі деп күтілуде. Соңғы препарат әсіресе жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған.

«Бұған дейін Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірген тұрғындардың бәріне салдық. Қазір оны шектедік. Енді ол үш санаттағы азаматтарға ғана егіледі. Атап айтқанда, жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдер»,- дейді Гүлжайнат Тілеген.


Соңғы жаңалықтар