Алматыға қосылған аймақты абаттандыру келесі жылы жүзеге асады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға жақында қосылған аймақты абаттандыру келесі жылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында қаланың бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қаланың 2002 жылы қабылданған бас жобасына өзгеріс енгізілуде. Ол келесі жылы аяқталады. Ендігі кезекте 27 елді мекенді тіркеу жұмысы қалды. Осыдан кейін жаңа көшелер қалыптасып, жаңа жоспарлы өзгерістер қабылданады», - деді ол.

Оның айтуынша, ол аймақтарда құрылыс жұмыстары мен инженерлік-коммуникациялық құрылымдар және жол құрылысы жұмыстары жоспар нақтыланған соң басталады.

«Елбасының Жарлығымен қалаға қосымша 23 мың 200 га аумақ қосылды. Дәл қазір қаланың ауданы 73 мың га, қала халқының саны 1 млн. 600 мың адамға жетті», - деп қорытындылады Ғабит Садырбаев.

Соңғы жаңалықтар