Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАҚпарат- 9 сәуір күні Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 сәуір күні 4 764 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, Жалпы, 1 ақпаннан бастап 44 315 тұрғын «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін алды. Қазір емдеу мекемелерінде 6 335 доза қалды. Вакцинация процесі жалғасуда. Вакцинаның 5-траншы 9 сәуірде келеді. 57 445 доза күтілуде», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін, Нариман Табынбаев қалада коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектелетінін мәлім еткен еді.

Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.

Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.


Соңғы жаңалықтар