Алматыға кіреберістегі кептеліске байланысты блокпостарда бақылау күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының кіреберісінде тағы да бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды. Жүргізушілер қалаға кіру үшін жол қозғалысы ережесін бұзып жатыр. Осыған байланысты полицейлер блокпостардағы бақылауды күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде пайдаланушылар қаланың әр жерінен түсірілген видеоларды таратып жатыр. Көлік кептелісі Instagram желісіндегі парақшасының бірінде жарияланды.

Алматы қалалық полиция департаменті осы мәселеге қатысты түсінік берді.

«Біз қосымша полиция жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көп болып жатқан аумақтардағы блокпостарда тұрады. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды да анықтаймыз. Жол жүру ережесін сақтамаған жүргізушілер әкімішілік жауапқа тартылады», - деп хабарлады полициядан.

Ведомство өкілдерінің айутынша, блокпостардағы жағдай үнемі бақылауға алынған.

Еске салайық, кеше Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар