Алматыға BRT желісі керек- Ерболат Досаев

Фото: Фото из открытых источников
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте автобустарға арнайы бөлінген желілер мен олардың схемасын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғыны жүрдек автобустар желісі ( BRT - Bus rapid transit) шағымданды. Оның айтуынша, автобус желілерінің кесірінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде көлік кептелісі көбейіп, ластану деңгейі артқан.

«Автобустар жүретін арнайы желілердегі мәселелерге келер болсақ, қазір оларды қалыпты жағдайға келтіру үшін қайта қарау және оңтайландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шындығында, мұндай автобус желілері әлемнің барлық мегаполистерінде бар, олар тек тиімді жұмыс істеуі керек. Бәлкім, біз сіздермен бірге жасаған қиындықтарға тап болып жатқан шығармыз. Қалаға BRT қажет, мәселе олардың қай жерде және қалай салынуында болып отыр. Сұрағыңыз өте орынды. Жалпы, бізде қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бар, онда біздің бұған дейін жіберген қателіктеріміз ескеріліп, алдағы жоспарлар бекітілетін болады», - деді Ерболат Досаев.

Қалалық мобилді басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов BRT автобустарымен күніне 120 мыңға жуық жолаушы тасымалданатынын, ал желі арқылы 2 мың автобус өтетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар