Алматыға биыл 630 жаңа автобус жеткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда 600-ден астам автобус сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы жеке тасымалдаушылар мен «Алматыэлектротранс» ЖШС экологиялық таза отынменжүретін 630 автобус сатып алуды жоспарлап отыр», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Әзірге, жаңа қоғамдық көліктердлің шығатын күні мен бағыты белгіленген жоқ. Себебі жылжымалы құрамның жаңаруы тасымалдаушылардың автобустарды жеткізуіне байланысты.

«Бүгінде автобустардың тапшылығы 1000 бірлікті құрайды. Қала халқының жыл сайынғы өсуіне байланысты бір уақытта автобустардың санын көбейту мүмкін емес. Күнделікті жолаушыларды тасымалдауға қала көшелеріне 2000 автобус пен троллейбус шығады», - деп атап өтті басқармадан.

Ведомстваның ақпаратына сәйкес, карантин кезінде Алматы қаласында жолаушылар ағыны 30% -ға азайды.


Соңғы жаңалықтар