Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Алматыға биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынады

2018 жылғы 14 наурыз 17:27 890
Бөлісіңіз:
Алматыға биыл 500-ден аса жаңа автобус  сатып алынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі биыл тағы да 500-ден аса жаңа автобус сатып алмақ. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек №19 бағыты бойынша жолға шыққан жаңа автобустарды аралап көргеннен кейін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Оның айтуынша, биыл «Алматыэлектротранс» ЖШС үнемделген қаржы мен таза табыс есебінен ЛиАЗ және IVECO маркалы 199 автобус алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Green Bus company» ЖШС газбен жүретін 200 автобус алатын болады. Жеке тасымалдаушылар тағы да 131  көлік құралын сатып алмақ. Осылайша,  Алматының автобус паркі тағы да 30%-ға жаңартылмақ. 

Бұлардан өзге қалада метро желісі мен екі станса салынып жатыр. BRT  және LRT жобаларын жүзеге асыру қолға алынуда. Жыл аяғына дейін біріккен  қазақ-неміс компаниясы электроавтобустар шығаратын зауыттың құрылысын бастайды.

Бүгінде қалада көлік реформасы аясында бірқатар маршруттар бойынша автобустар жаңарды.

Соңғы рет №19 бағытқа жаңа автобустар шықты.

Қала тұрғындарының өтініші бойынша ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магистральді көшелерді және «Қазахфильм», «Алғабас» елді мекендерін қамтиды. Енді бұл бағыттаhlf сыйымдылығы үлкен 20 автобус қызмет көрсетеді. 

Жалпы, көлік реформасы аясында соңғы  екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустар шыққан.  Көлікті жаңартудың арқасында 18  бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есеге қысқарып, жолаушылардың күнделікті легі орташа 46%-ға  артқан. Бұлардан өзге, 14 жаңа бағыт  ашылды. Қалалық автопарктегі  қолданылғаны  3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 %-ды құрайды.

Айта кетерлігі, Алматыда №12, 22, 50, 56, 57, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 және № 98 бағыттары қайта  жаңарып, №1 бағыт пен  №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

 

 


Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат