Алматыға биыл 130 мыңнан астам шетелдік турист келген

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыға биылғы жылы 130 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбектің «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасы бойынша өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында соңғы  үш жылда шетелдік туристер саны 14%-ға өскендігі, оның ішінде Оңтүстік Кореядан, Үндістан мен Ресейден, Қытайдан, Түркиядан, АҚШ пен Германиядан 130 мыңнан астам адам болғаны айтылды.

Қала әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова елімізде өткен халықаралық жобалар туристер легіне оң ықпал еткенін  атап өтті.

 «ЭКСПО-2017» көрмесінің, Бүкіләлемдік Универсиаданың, ОЭСР Еуразиялық апталығының, сонымен қатар «Star of Asia», «Spirit of Tengri»,  «Ұлы дала ойындары», «Алматы Марафон» және «Tour of Almaty» сынды  музыкалық , спорттық шаралардың өтуі туристердің көптеп келуіне себеп болуда»,- деді Әсел Жүнісова.

Бүгінде  күні қала экономикасының 87%-ын қызмет көрсету саласы құрайды, алайда Алматының  жалпы өңірлік табысында туризмнің үлесі небәрі 1,5%. Мегаполистің туристік әлеуетін арттыру мақсатында Алматы агломерациясының тау туризмі бойынша жоспары жасалып, оның құрамына Медеу, Шымбұлак, Алматау және Бутаковка енді.

«Биылғы жылы әлемдік деңгейдегі Kempinski және Novotel отелдерінің, хостелдердің құрылыстарын аяқтау жоспарланған. Жыл аяғына дейін  14 халықаралық агенттік үшін БҰҰ-ның өңірлік  ХАБ-ы  ашылады. Париждің, Ыстанбұлдың, Бангкоктың тәжірибесі  мұндай шараның шетелдік туристер легін ұлғайтатынын, халықаралық деңгейде қаланың танымдылығын арттыратынын көрсетті», - деді Әсел Жүнісова.

Ол сонымен қатар қазіргі кезде туристердің көпшілігі өз беттерінше сапарға шығатынын, арнайы веб- тұғырлар арқылы демалыстарын жоспарлайтынын айтты.

«Жыл сайын  Алматыға деген қызығушылық артуда, оны дестинация арқылы әлемдік TripAdvisor тұғырнамасынан көруге болады, онда қалаға қатысты сұраныс 465-тен 66 824 өтінімге өскен. Бұл тұғырнаманы көбінесе АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбритания мен Үндістанның,Германияның азаматтары пайдаланады», - деді Әсел Жүнісова.

nullnull

 

Соңғы жаңалықтар