Алматыға бағыт алған ұшақ Атырауға оралуға мәжбүр болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан Алматыға бағыт алған Boeing-737 ұшағы қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау – Алматы» рейсін орындау барысында кондиционерлеу жүйесінің индикациясы іске қосылды. Әуе кемесінің командирі ұшып шығу портына қайта оралу туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде орындалды. Енді Алматыға жасалатын рейс таңғы уақытқа жоспарланып отыр. Қала сыртында тұратын жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, оларды тамақтандыру ұйымдастырылды»,- деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Scat»авиакомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилова.

Авторы: Виктор Сутягин

Соңғы жаңалықтар