Алматыға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінеді - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында қалаға вакцинаны жеткізу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз вакцинацияны бастаймыз. Кеше қалаға 21 850 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең біздің барлық клиникаларда жұмыс басталды. Жалпы, бізге бастапқыда квота бойынша 65 мың доза берілді. Мен Премьер-Министрмен сөйлестім және халықтың тығыздығы мен жағдайды ескере отырып, бізге кем дегенде 100 мың доза қажет екенін айттым. Кеше Мемлекет басшысымен өткен кездесуден кейін Премьер-Министрмен тағы бірнеше рет келіссөздер жүргіздік, ол Денсаулық сақтау министріне үш ай ішінде ай сайын Алматыға 250 мың доза квота бөлуді тапсырғанын айтты. Бұл сәуір, мамыр, маусым айлары», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, бұл өте жақсы көлем. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 900 мың доза вакцина қажет.


Соңғы жаңалықтар