Алматыға Ауғанстаннан келгендердің ПТР-талдау нәтижесі белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ауғанстаннан келген барлық адам коронавирусқа ПТР тест тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық сараптама орталығы мәліметінше, Кабулдан келген Қазақстан азаматтары мен БҰҰ қызметкерлері арасынан ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткені жоқ.

Айта кетейік, 19 тамызда Кабулдан Алматыға 2 рейс келді. Алғашқы рейспен 27 Қазақстан азаматы (оның ішінде 6 бала) және 15 Қырғызстан азаматы келді, олар әуежайдан бірден еліне кетті. Shera Inn қонақүйіне Қазақстанның 27 азаматы орналастырылды.

Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келді, олардың арасында Ауғанстан азаматтары жоқ. Олар Rixos қонақүйіне тоқтады.

22 тамызда Кабулдан Алматыға 108 адам келді, олардың барлығы БҰҰ дипломатиялық миссиясының мүшелері. Олар Intercontinental қонақүйіне орналастырылды.



Соңғы жаңалықтар