Алматыға алтын күз келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күзгі жауын-шашын, бұршақ пен алғашқы қар. Бұл бүгін алматылықтар куә болған көріністер. Алдағы күндері мегаполистегі  күн райына қатысты болжамды ҚазАқпарат тілшісі анықтап білді. 

Таңертең ұйытқыған жел соғып, түске шейін жауын жауды. Түстен кейін жаңбыр күшейе түсті. Таулы аймақтағы тұрғындарының айтуынша, онда бұршақ жауып арты қарға ұласқан. 

Синоптиктерді болжауынша, өңірде алтын күз басталған және мұндай табиғат құбылысы 15 қазанға дейін созылады. Бұл уақытта қыс алдындағы соңғы бұршақтар жауады.

Ертең, 25 қыркүйекте қалада аспан ашық, сонымен қатар апта соңына дейін күн жылы. Ауа температурасы  +18 - +23 градус шамасында болады.

Соңғы жаңалықтар