+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Алматыға 26 млн теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады

2021 жылғы 3 маусым 14:00
Бөлісіңіз:
Алматыға 26 млн теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға 26 миллион теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Дүниежүзілік туризм күні: Зеренді ауданында отбасылық демалыс орны ашылды

Мақсат - қаланың халықаралық және ішкі нарықтардағы брендтерін әлемге таныту.

Баспасөз-туры екі кезеңге бөлінген. Біреуі биыл 2/3 тоқсанда, екіншісі 3/4 тоқсанда өткізіледі. Әр кезеңде Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтен 20 блогер шақырылады. Бұл елдерді таңдау Алматыға тікелей рейстердің және жаңа саяхат орындарын іздейтін және төлем қабілеті бар аудиторияға байланысты.

Бағдарлама аясында шетелдік блогерлер Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жерлерді аралайды.

«Аталған сома туристік нысандарды аралауға, виза рәсімдеуге, тамақтану, медициналық көмек, бару-қайту эконом-класс әуе билеті, орыс және ағылшын тілдерінде гид-аудармашыға жұмсалады. Сондай-ақ блогерлер үшін қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы және ұлттық киімдегі фотосессиямен қолөнершілер шеберханасына бару ұйымдастырылады. Қазақстанға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар ұсынылады. Баспасөз -туры Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізіледі», - деп атап өтті басқармадағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT