Алматыға 150 жаңа автобус жеткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға 150 жаңа автобус жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, мегаполиске қараша айының соңында газбен жүретін 150 автобус жеткізіледі.

«Сатып алынатын 12 метрлік «Голден драгон» маркалы газбен жүретін автобустардың сыйымдылығы үлкен, төмен еденді және арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Заманауи стандарттарға толық жауап береді, кондиционерлермен әрі видеобақылау камераларымен жабдықталған. Сыйымдылығы — 150 адам, отыратын 30 орын бар»,- деп хабарлады басқармадан.

Тасымалдаушы компания өкілдері атап өткендей, қазіргі кезде қалада 1932 автобус бар. Әлі бір мыңға жуық автобус жетпейді.

Сонымен қатар, жүргізушілер тапшы.

«Қазір автобустарды айдайтын жүргізуші бар, егер жүргізуші жұмыстан кететін болса, орнына адам табу қиын»,- деп нақтылады компаниядағылар.

Бұл мәселені шешу үшін басқарма мен тасымалдаушы компаниялар кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар