Алматыға 13 мың литрден астам алкоголь Ресейден заңсыз әкелінген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ресей Федерациясынан заңсыз жолмен тасымалданған 13 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, көрші елден тасымалданған алакогольдің 10 мың литрден астамы пластикалық ыдыста сақталған. Ал, бұған ҚР заңнамасына сәйкес тыйым салынады. Сондықтан, іс құқық қорғау органдарына жолданды.

«Тексеріс кезінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін цех анықталды. Онда арнайы құрылғы мен спирт арқылы түрлі ішімдік дайындалған. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана зиян келтіріп қоймай, халықтың денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді», - деп хабарлады департаменттен.



Фото: /ivteleradio.ru


Соңғы жаңалықтар