«Алматыэлектротранс» ЖШС-ның басшысы жұмыстан босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыэлектротранс» ЖШС-ның басшысы жұмыстан босатылды. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Серіктестіктің бұрынғы басшысы Көпжасар Дәкенов қала басшылығы тарапынан көп наразылықтар тууына байланысты жұмысынан босатылды. Сонымен қатар, қала басшылығының осындай шешім қабылдауына кәсіпорынның жұмысында орын алған қаржылық жетіспеушіліктер әрі муниципалды парктің жұмысына жолаушылардың көңілі толмай отырғандығы ықпал етті», - делінген хабарламада.

Кәсіпорынның жаңа басшысы болып Болат Абайділдинов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар