«Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы қызметінен кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы Талғат Әбдірахманов қызметінен кетті. Бұл туралы ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ол қызметінен өз еркімен кеткен.

Айта кету керек, қыркүйектің 21-інде Алматыда трамвайдың қатысуымен жол апаты орын алған. Техникалық ақаудың салдарынан №4 трамвай өздігінен Байтұрсынов көшесімен құлдилай жөнелген. Темір вагондар жолындағы 14 көлікті жайпап өтіп, 5 адамды жаралаған.

Соңғы жаңалықтар