Алматыдан «Ұлы дала еліне саяхаттау» үшін алтыншы экспедиция жолға шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жаңа жібек жолы» алтыншы экспедициясы Ұлы дала еліне саяхатқа Алматыдан жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Экспедиция жетекшісі, Kazakh Geography жобасының менеджері Нұржан Алғашовтың айтуынша, бұл «Ұлы дала еліне саяхат» жобасындағы соңғы қорытынды экспедиция. Бұл жолы экспедиция мүшелері екі апта бойы Алматы, Жамбыл, Түркістан облысындағы ең атақты орындарға сапар шегетін болады.

«Алматыдан Қорғас жаққа шығамыз. 13 күн ішінде Көлсай-Қайыңды, Алтын емел ұлттық паркінде, Шарын шатқалында, одан әрі Жамбыл облысында Құртас пен Айша бибі мавзолейінде, Ақсу-Жабағылы қорығында, Сайрам ұлттық паркінде, Сауран, Отырар қалаларында, Арыстанбаб мазарында боламыз. Экспедиция Түркістан қаласында аяқталады»,- деді Нұржан Алғашов.

Ресейлік National Geographic бөлімінің қызметкерлері, кәсіби фоторграфтар, Қазақстан мен Ресейлік блогерлер, барлығы 28 адам қонақ үйлерде, киіз үйлерде, лагерьлерде түнейтін болады.

«Әр экспедицияға әртүрлі адамдар іріктелді. Олардың көпшілігі бұрын саяхаттап жүрген адамдар. Алыс жолға шығуда тәжірибесі бар адамдар», -деді Н.Алғашов.
null null 

Соңғы жаңалықтар