+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Алматыдан Шымкентке жолға шыққан FlyArystan ұшағынан ақау шықты

2019 жылғы 14 қыркүйек 18:50
Бөлісіңіз:
Алматыдан Шымкентке жолға шыққан FlyArystan ұшағынан ақау шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Шымкентке бет алған FlyArystan ұшағы Алматы әуежайына қайтып қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ғалия Жақыпова есімді жолаушы Facebook-те жазды.

«Аман-есенбіз. FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Шымкент рейсі кесте бойынша ұшып шыққан. Қажетті биіктікке көтеріліп қалғанбыз. Отызыншы минутта жолаушыларға (толық рейстің бортында 150-ден астам адам болды) техникалық себептерге байланысты ұшақ Алматы әуежайына оралуға мәжбүр екені хабарланды. Шынымды айтсам, өте қорқынышты болды. Бортта отырып әлі көп шаруа тындырып үлгермегенімді ұқтым», - деп жазды ол.

Өз кезегінде, FlyArystan компаниясындағылар мәжбүрлі қону себебін баяндап, түсініктеме таратты.

«14 қыркүйекте Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшқан FlyArystan әуе компаниясының КС-7105 рейсі кезінде компьютерлік жүйе жанармай жүйесінде қателік анықтап, экипаж ақауды жою үшін Алматы әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Компанияның ақпаратына сенсек, рейстің кешігетіні туралы ақпарат берілгеннен кейін, тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушыларға су мен тамақ берілген.

«Қауіпсіздік – біз үшін негізгі басымдық. Сондықтан, инженерлер ұшақтағы жүйелердің жарамдылығына көз жеткізу үшін тексеру жүргізеді. Оған біраз уақыт қажет», - делінген компаияның мәліметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT