Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырым жерде жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 8 мамыр күні Алматы уақытымен 08 сағат 53 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 320 шақырым қашықтықта, Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,5, магнитудасы – 4,1.

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар