Алматыдан Өскеменге бағытталған пойызда сәби дүниеге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы - Защита» бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Тимур Асылханов Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Алматы-Защита» бағытындағы №351-352 пойызында қыз бала дүниеге келді. Әйел пойыздың ішінде толғатып, аман-есен қыз бала туды. Сарыөзек стансасынан жедел жәрдем бригадасы шақырылып, қажетті шараларды жасады. Алайда, анасы перзентханаға жатудан бас тартып, Өскемендегі үйіне кетті», - деді баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Астана-Алматы» бағытындағы «Тұлпар-Тальго»пойызында да Гүлзия Әбеуова есімді әйел ұл баланы дүниеге әкелген болатын.

Соңғы жаңалықтар