Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ қозғалтқышына құстар түскен

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың қос қозғалтқышына құстар кіріп кеткен. ҚазАқпарат бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде қос қозғалтқышқа құстар түскен. Airbus A320 әуе кемесі тамыздың 28-інен 29-ына қараған түні КС955 «Алматы – Нұр-Сұлтан» рейсін орындап келе жатқан.

Қону штатты режимде өтті. Ұшу аяқталғаннан кейін тексеретін инспекция қозғалтқышқа құстардың кіргенін растады», - делінген авиакомпания мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Аir Astana авиакомпаниясының «Ыстанбұл –Алматы» бағытындағы ұшақ қозғалтқышына құстар түсіп кеткен болатын.

Бірер күннен кейін аталған әуе компанияның «Нұр-Сұлтан –Алматы» рейсіндегі ұшақ қозғалтқышынан құс іздері тағы табылды.



Соңғы жаңалықтар