Алматыдан Мәскеу облысына тікелей ұшақ қатынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан Мәскеу облысына тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Уральские авиалинии» әуе компаниясына Алматы - Жуковский (Мәскеу облысы) бағытында ұшуға рұқсат берді.

Бекітілген кестеге сәйкес, күзгі-қысқы навигация кезінде 2018-2019 жылдардағы желтоқсанның 24-нен наурыздың 29-на дейін рейстер А319/320/321 типтегі ұшақта аптасына 5 рет (дүйсенбіден жұмаға дейін) орындалатын болады», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Комитеттің мәліметінше, әуе тасымалы саласында Қазақстаннан ұшатын әуе бағыттары мен рейстер саны бойынша Ресей жетекші орынға ие. Тараптар әуе тасымалы саласында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздеп отыр.
Айта кету керек, қазақстандық әуе тасымалдаушылар Астана-Франкфурт, Астана-Түмен (Эйр Астана), Астана-Қазан, Астана-Вильнюс, Астана-Челябинск, Астана-Краснодар, Астана-Томск, Астана-Сочи (СКАТ) жаңа 8 бағыт бойынша ұшып жүр.

Шетелдік әуе тасымалдаушылар Рига-Алматы («Air Baltic»), Новосібір-Павлодар («Сибирь»), Красноярск-Алматы («Ангара»), Мәскеу-Қызылорда (Аэрофлот) және Хельсинки-Астана (Finnair) жаңа әуе бағыттарын ашқан болатын.

Соңғы жаңалықтар