Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан FlyArystan әуе компаниясының борты әуежайға қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниясы ұшақтың неліктен қайтып оралғанына қатысты түсінік берді.

«FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Костанай бағытындағы КС7141 рейсінің орындалуы барысында дабыл белгісі ойнап, ұшақта ақаудың бары туралы хабарлама келді. Техникалық регламентке сәйкес сапарды жалғастыра беруге болар еді. Алайда әуе компаниясының шешімімен Қостанайдағы әуежайда инженерлік-техникалық қызмет болмағандықтан бортты қайтару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта әуе кемесі ары қарай пайдалануға жіберілді. Жұмыс уақыты бойынша шектеулерге байланысты ұшақтың эипажы ауыстырылды», - деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар