+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматыдан Көкшетауға ұшақпен 8999 теңгеге жетуге болады

2020 жылғы 12 ақпан 14:56
Бөлісіңіз:
Алматыдан Көкшетауға ұшақпен 8999 теңгеге жетуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдан Көкшетауға 8999 теңгеге ұшақпен жетуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуе рейсін «FlyArystan» компаниясы ашып отыр. Рейсті биылғы 12 наурыздан бастап 180 орындық Airbus A320 ұшақтары орындай бастайды. Қатынау аралығы - аптасына 3 рет, ұшу ұзақтығы – 2 сағат, бағасы – 8999 теңдеген басталады. Билеттер сатуға шығарылды.

«Көкшетау – бұл динамикалық түрде дамып келе жатқан өңір. Оған қоса, шетелде Қазақстанның Швейцариясы болып танылған, курорттарға ең жақын орналасқан қала. Бурабай, Зеренді, Щучьеге Алматыдан елордамыз арқылы жету ыңғайсыз. Уақытты алады, көліктен-көлікке ауысып отыру қымбатқа шығады. Оңтүстік астанадан Көкше еліне, ал одан кейін оның төңірегінде орналасқан жерлерге тез жетуге мүмкіндік беретін тікелей рейстердің арқасында жиһангездер жеңіл әрі тез ұшып бара алады. Оған қоса, Ақмола облысының тұрғындары да туған-туыстарына жиі қонақтап бара алатын болады», - деді «FlyArystan»-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Еске салайық, «FlyArystan» авиакомпаниясы Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қарашасындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Ол «Air Astana» авиакомпаниясының еншілес кәсіпорны. Бағасы қолжетімді компания алғашқы рейстерін 2019 жылдан орындай бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT