Алматыдан қашып кетпек болған бір топ мародер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан қашпақ болған бір топ мародер ұсталды. Бұл туралы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тұрғынын ұстады.

Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды.

Күдіктілер бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады.

Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.


Соңғы жаңалықтар