Алматыдан батысқа қарай 108 шақырымда жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы Алматы уақыты бойынша 25 қыркүйек күні 12 сағат 49 минут 46 секундта (Гринвич бойынша 2018 жылғы 25 қыркүйек күні 06 сағат 49 минут 46 секундта) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 108 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.7. MPV тербелісі - 3.8. Тереңдігі - 10 шақырым.

Соңғы жаңалықтар