Алматыдан басталған веломарафон Таразға жетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –22 қыркүйекте Алматы қаласынан басталған веломарафон Таразға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары мен көру қабілеті нашар және мүмкіндігі шектеулі велосипедшілер қатысқан велосапар 4-ші рет өткізіліп отыр

Елімізде салауатты өмір салтын насихаттап, паралимпиадалық спорттың дамуына ықпал етуге бағытталған шара биыл да жалғасын тапты.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан бәрі келетінінін көрсету. Оның бірден-бір жолы – спорт. Спорт арқылы өз-өзінің мүмкіндігін көрсете отырып, жетістіктерге жете алады», - дейді ұйыдастырушылардың бірі Кенжеғұл Социалұлы.

Іс-шараға қатысушылардың бірі – Айзере Тоқтағазы. Ол каратэ-до спорт түрінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы. Достарымен бірге осы марафонға қатысып жатқан спортшылармен жүздесуге келген жас спортшы мүмкіндігі шектеулі жандардың қайрат жігеріне тәнті болғанын айтады. Өзі болашақта ел мақтанышы, тараздық әйгілі спортшы Зүлфия Габидуллина секілді әлемдік дода шыңын бағындыруды мақсат етеді.

Веломарафон қатысушылары экологиялық туризмді дамыту арқылы, велосипедті экологиялық таза көлік түрі ретінде пайдалануды және қоршаған ортаны құрметтеуді ұсынды.

Тараздан кейін қатысушылар көршілес Түркістан облысына аттанды.

Соңғы жаңалықтар