+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыдан басқа барлық өңірде жан басына шаққандағы табыс артты

2020 жылғы 2 қазан 20:24
Бөлісіңіз:
Алматыдан басқа барлық өңірде жан басына шаққандағы табыс артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан өңірлерінде жан басына шаққандағы кіріс көлемі артты. Тек Алматы қаласында ол 4,5%-ға төмендеген.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мәліметінше, дегенмен де, Алматы мен Нұр-Сұлтанның нақтылы мәндегі табыс деңгейі елдегі ең жоғары болып қалуда – сәйкесінше 224,3 мың және 241,3 мың теңге.

Талдау барысында жан басына шаққандағы кірістің ең жоғары және ең төменгі өсімі бар өңірлер анықталған. Табысы өскен өңірлер: Ақмола (16,1%), Қызылорда (14,2%) және Түркістан (12,8%) облыстары. Бұл ретте, Қызылорда мен Түркістан облыстарының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық көрсеткіштен төмен болып отыр. Көрсеткіштер сондай-ақ Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында төмен екендігі анықталған.

Ал республикалық деңгейден асатын көрсеткіштер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Жалпы, халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2020 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% өсті және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 182,5 мың теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT