Алматыдан Бакуге тікелей авиарейс қатынай бастады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, авиарейс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және белсенді араласуымен іске қосылып отыр.

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 16 наурыздан «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге сапарын бастап кеткен болатын.

«Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.


Соңғы жаңалықтар