Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус қатты желден аударылып қалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы аумағында аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.

Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы «Yutong» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.

Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Соңғы жаңалықтар