Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ақтөбеге ұшып шыққан ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эйр Астана» әуе компаниясының мәліметінше «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын K 863 ұшағы бүгін Алматыдан 05: 30-да ұшып шықты. «Техникалық себептерге және бара жатқан әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир кері оралу туралы шешім қабылдады»,- деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Қону, әдеттегідей, қалыпты жағдайда өтті.
«Ұшақ өз рейсін сағат 15:40-та орындайды. Жолаушыларға тамақ пен сусын беріледі» - деп толықтырды компания.

Соңғы жаңалықтар