Алматыдан 953 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 953 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 31 тамызда Алматы уақытымен сағат 00:23-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 953 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.0. MPV магнитудасы 5.3.

Эпицентрдің координаттары 36.87° с.е. 69.36° ш.б. Тереңдігі 40 километр.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.


Авторы - Думан Арғынгелді


Соңғы жаңалықтар