Алматыдан 878 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 қаңтар күні 15 сағат 19 минут 34 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 878 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 12,6. Магнитудасы MPV 6.0. Ошағының тереңдігі 120 км.

Соңғы жаңалықтар