Алматыдан 722 км қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала 20 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 09.46-да болған. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 722 шақырым жерде орналасты.

Энергетикалық санаты – 11,6. MPV магнитудасы – 5,0. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.




Фото: cnbcfm.com

Соңғы жаңалықтар