Алматыдан 713 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 12 наурыз күні Алматы уақытымен 02 сағат 52 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 713 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 5.4. Тереңдігі – 100 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.


Соңғы жаңалықтар