Алматыдан 710 км қашықтықта жер сілкінді

Фото: Фото: aa.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бүгін түнде, сағат 02.07-де Алматыдан 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында жер сілкінді. Тербеліс 2-3 балл қуатымен Тараз, Шымкент және Түркістанда сезілді. Сондай-ақ Тәжікстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Өзбекстанның бірнеше қаласына жетті. Қуаты – 6,5 балл.

Қазақстанның 5 өңір тұрғындары жерасты дүмпуін 21 наурыз күні де сезінген болатын. Зілзала ошағы Ауғанстанда орналасты. Ауған еліндегі тербеліс Пәкістанға да жетті. Салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болғаны туралы бұған дейін жазған едік.

22 наурызда әлеуметтік желіде Қазақстанда жер сілкінісі қайталанатындығы туралы ақпарат тарады. Алайда, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар