Алматыдан 644 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмикалық стансалар экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2021 жылдың 26 сәуірінде Алматы уақытымен 02 сағ 05 мин 23 секундта (Гринвич бойынша 2021 жылдың 25 сәуірінде 20 сағ 05 мин 23 сек) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-батысына қарай 644 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6

Магнитудасы MPV 5.0.

Бағыты 38.18° с.ш. 73.11° в.д.

Тереңдігі 35 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезіну жоқ

Соңғы жаңалықтар