Алматыдан 63 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы ақпарат ҚР БҒМ ҒК сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының мәліметтер базасында тіркелді. Жер дүмпуінің кіндігі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Алматы қаласының шығысынан 63 шақырым жерде орналасқан. Дүмпудің энергетикалық күші - 9.9. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі - 20 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар