Алматыдан 629 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 11 қараша күні 14 сағат 5 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 629 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.1. MPV тербелісі – 3,8. Координаттары: 43.15° с.е. 84.63° ш.б.Тереңдігі – 10 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Фото: apa.az